Қаракеткен ауылдық округіндегі №134 және №135 сайлау учаскесі таңғы сағат 7.00-де мемлекеттік әнұранмен сайлаушыларға есігін айқара ашты. Елді мекенде ауылдық округ әкіміне 3 кандидат бар. Олардың сайлауалды бағдарламасы бұған дейін жергілікті «Жалағаш жаршысы» газетінде жарияланған.

Айта кетейік, Қаракеткен ауылдық округінде 820 сайлаушы бар. №134 сайлау учаскесіне бірінші келген ауыл тұрғыны Бақытбек Көпболов өз таңдауын жасады. Ал Далдабай ауылындағы №135 сайлау учаскесінде бірінші ауыл тұрғыны Біржан Кетебаев дауыс берді. Сондай-ақ олар саяси науқан өз дәрежесінде өтетініне сенім білдірді. Ауыл тұрғындарына белсенділіктері үшін арнайы сый-сияпат көрсетілді.
«ЖЖ» ақпарат

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!