2025 жылдың 27 сәуір мен 3 мамыр аралығында ауданда «Барлығын иммундауға қол жеткізу – біздің қолымызда» ұранымен Еуропалық иммундау апталығы өтіп жатқандығын хабарлаймын.
Еуропалық иммундау апталығының мақсаты – вакциналардың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы хабардар ету, адамдарды вакциналар арқылы алдын алуға болатын жұқпалы аурулардан қорғау, вакцинациядан бас тарту мәселелеріне назар аударуға, иммундаудың маңыздылығы туралы сенімді көзқарасын арттыруға және жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық екпелермен толық қамтуды қамтамасыз етуге, аурудың алдын алуға, жұқпаның таралуына жол бермеуге және жұқпаны жоюға бағытталған. Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша аудан тұрғындарын ақпараттандыру деңгейін көтеру иммунопрофилактиканың қауіпсіздігі туралы ақпарат беру. Ауданда жылма- жыл вакцинациядан бас тартқан ата-аналар саны артып келеді. Бүгінгі күнге 35 адам егуден бас тартқан. Олардың басым көпшілігі екпеге жеке көзқарасты ұстанады.
Құрметті ата-аналар! Балаларыңызды уақытында ектіріп, өздеріңізде егіліңіздер! Тек профилактикалық екпелер ғана Сізді, әсіресе сіздің балаларыңызды әр түрлі жұқпалы аурулардан сақтайды. Екпелердің бекітілген жалпы күнтізбесі бар, бірақ әр бір бала жеке қаралады, екпе салар алдында әр бір бала міндетті түрде тексеріледі. Екпелер- бұл жұқпалы аурулардан сақтанудың жалғыз сенімді жолы. Біздің балаларымыздың да қорғалуға құқығы мен мүмкіндігі бар.
Жалағаш аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы аудан тұрғындарын, өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарап, профилактикалық егулерді уақытында алуға, иммундау апталығы шараларында белсене қатысуға шақырады. Иммундау мәселелері бойынша халықтың өтініштеріне арналған «шұғыл
Сіздің денсаулығыңыз сіздің қолыңызда!
Г.Айымбетова
аудандық СЭБ басқарма басшысы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!