Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

3°C

, Жұма, 13 желтоқсан, 14:56

FlyArystan бөлек әуе компания атанды – вице-министр

04.04.2024

482

0

Көлік вице-министрі Талғат Ластаев FlyArystan Air Astana-дан бөлінгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zhalagash-zharshysy.kz тілшісі.

«Кеше FlyArystan эксплуанттың бөлек сертификатын алды. Тиісінше енді ол бөлек, өз бетінше жұмыс істейтін компания. Бірақ Air Astana-ның жүз пайыз еншілесі», – деді Ластаев сенат кулуарында.

Вице-министр бөлек заңды тұлға құрылғанын, ал қазір оған эксплуатант сертификаты берілгенін атап өтті. Осылайша FlyArystan бөлек әуе компаниясы атанды.

Осы орайда журналистер FlyArystan лоукостерінің бағасы қашан арзандайтынын сұрады.

«Баға саясаты шынымен де үлкен мәселе. Мен тек статистиканы келтірейін деп едім. Шын мәнінде бұл жерде бір ғана жол бар – билеттерді ерте сатып алу. Қолда бар ақпаратқа сүйенсек, FlyArystan жолаушыларының 50 пайызы билетті екі апта бұрын немесе одан ерте сатып алады. Тиісінше ол кезде билеттер әлдеқайда арзан», – деді Ластаев.

Билеттердің қымбат болуына әуе отынының құны мен тапшылығы да әсер етіп отыр.

«Тарифтердің өзіндік құнының 30-35%-не дейін – бұл әуе отыны. Қазақстанда әуе отыны тапшы, сондықтан оның құны үнемі көтеріледі. Осыған байланысты бұл бағытта жұмыс істеу керек. Біз энергетика министрлігімен тиісті жұмысты атқарып жатырмыз», -деп сендірді шенеунік.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: