Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

6°C

, Сәрсенбі, 16 қазан, 09:00

Гүлшара Әбдіқалықова: «Барлығы уақыттың еншісінде…»

17.02.2021

624

0

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова 2020 жылғы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары бойынша халық алдындағы есепті кездесуінде облыс әкімі қызметіне тағайындалғаннан бері 80-ге жуық ауылдық округтерді аралап шыққанын айтты.

«Облыс әкімі қызметіне тағайындалған уақыттан бері облыстың барлық аудандарында және 80-ге жуық ауылдық округтерді аралап, жергілікті жерлердегі проблемалық мәселелермен танысып шықтым. Біз өңірді дамытудың 2021 жылға арналған 6 негізгі бағыты бойынша облыс әкімінің «Іс-қимыл жоспарын» бекіттік», – деді Гүлшара Наушақызы.

Облыс әкімінің айтуынша, бүгінде Қызылорда облысын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданған. Аталған құжатқа алдағы 5 жылда аймақта шешімін табуы тиіс ең негізгі жобалар енгізілген.

«Облыста әлі де өзекті проблемалар бар. Барлығын кезең-кезеңімен шешетін боламыз. Барлығы уақыттың еншісінде», – деді аймақ басшысы халық алдындағы есепті кездесуінің соңында.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: