Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

29°C

, Сәрсенбі, 24 сәуiр, 13:34

«Канело»: Головкинді нокаутпен жеңемін

27.06.2022

238

0

Төрт салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы және «pound-for-pound» рейтингісінің бұрынғы көшбасшысы мексикалық Сауль «Канело» Альварес Геннадий Головкинмен үшінші айқасы нокаутпен аяқталады деген болжам жасады, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бізді жақсы жекпе-жек күтіп тұр. Головкин – керемет және қауіпті қарсылас. Бірақ, мен оны нокаутқа жіберемін деп ойлаймын, бұған еш күмән жоқ. Оған ынтам зор. Рингке оралатын күнді асыға күтіп жүрмін. Бар күшімді салып жаттығып жатырмын», деді Сауль Альварес журналистермен кездесуде.

Еске сала кетсек, Сауль Альварес пен Геннадий Головкиннің бірінші айқасы 2017 жылы өтіп, тең нәтижемен аяқталған еді.

2018 жылғы екінші кездесуде төрешілердің басым дауысымен мексикалық боксшы жеңіске жетті.

Енді үшінші жекпе-жек 18 қыркүйекте Лас-Вегас қаласында өтетін болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: