Қазақта ежелден келе жатқан құндылықтың бірі – кимешек болып санады. Оның қай ғасырдан бері қолданысқа енгенін білмесек те, әйтеуір, ұлтымызбен бірге жасасып келе жатқаны ақиқат.Кимешек – қазақ әйелдерінің киелі баскиімі. Бойындағы иманы, инабаты, қорғаны, бетжүздігі, талғамы, дәрежесі, мәртебесі.
Қазіргі таңда қасиетті кимешек қазақ қоғамынан алшақтап барады. Осыған байланысты қазақы нақыштағы кимешек үлгісін насихаттау мақсатында «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының «Ақсу ауылдық округі» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен «Киелі кимешек» этно-танымдық іс-шарасы өтті.
Аталған іс-шараға жастар, партия мүшелері және ардагерлер қатысты. Этно-танымдық шарада кимешек туралы, оның тарихы мен қадір қасиеті туралы айтылды
Киелі кимешек
07.02.2023
805
0
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!