Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

17°C

, Бейсенбі, 25 сәуiр, 05:48

Киіктің киесі

28.01.2021

1120

0

Киікті қазақ киелі жануар деп есептейді. Киіктің адам айтып түсіндіре алмайтын ғажап қасиеті көп. Киік төлдейтін «құралай салқыны» кезінде шыбын-шіркей шықпайды, ит-құстың да тәбеті тыйылады.

Жаратушы Құдайдың құдіретінде шек жоқ екені анық, себебі ақбөкенді жатырында жатқан лақтың жынысын өзгертіп, қажет болса еркек, қажет болса ұрғашы ете алатындай жаратқан. Ақбөкен – жатырындағы лақтың жынысын өзгерте алатын жалғыз тіршілік иесі. Егер үйірде текелері азайып кетсе, сол жылы табында кілең еркек лақтар туылады. Керісінше, киіктердің ешкілері азайса, олар ұрғашы лақтарды өмірге әкеледі. Киіктер төлдейтін кезде оларға табиғаттың өзі қарасады. Мәселен, ақбөкеннің ешкілері төлдейтін кезде ғана түйетабан аталатын өсімдік жапырағын жаяды. Киіктер лағын осы шөптің үстіне туады. Түйетабанның ерекшелігі – оның жапырағы жалпақ болып келеді. Ешкілер жаңа туған лақтарын осы шөптің астына жасырып кетеді. Лақтардың барлығы аяқтанып, өз-өздеріне келгенде түйетабан шөптері бірі қалмай сарғайып қурап, желмен ұшып кетеді. Киіктер төлдейтін уақытта оны қорек ететін түз тағыларының тістері босап, тәбеті болмайды, қасқырлардың жағы қарысып қалады. Ал, қарақұстар жұмыртқа басады.Киіктің тағы бір айта кетерлік ерекше қасиеті – оның ешкісі кез келген құралайды емізіп, бауырына ала береді. Киік құралайының далада жетім, жалғыз қалмауы осыдан.Осы қасиеттері үшін қазақ киікті дәріптеп: «киелі жануар , «қасиетті аң» деп бағалайды, ыңғайлы, әдемі заттарды «киіктің асығындай екен» деп, сұлу жанды «киіктің құралайындай әсем екен» деп суреттейді. Және де көпке араласпай, жеке жүретін, саяқ өмір сүретін жандарды «кісі киік» деп атайды.Сәкен Сейфуллинның «Ақсақ киік» деген өлеңінде:«Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім,Өзге аңға жануарды тең көрмедім.Көздері мөлдіреген ақбөкендіАдамның баласынан кем көрмедім», – деген өлең жолдарынан жануарға деген ерекше сүйіспеншілік пен махаббаты байқауға болады.Қазір ақбөкендер Монғолия, Ресейде және Қазақстан территориясында мекен етеді. Бес мыңға жуық киік Қазақстан мен Өзбекстан аралығында көшіп жүрсе, ҚХР мен Түркіменстанда мүлдем жойылған делінуде.Өзге елдерде ақбөкендер мекен еткенімен қасиетті жануарға балай қоймайды. Ал біздің Қазақта Иттің иесі, Бөрінің тәңірісі, Ақбөкеннің киесі бар деп ерекше қадір-қасиетін түсінеді.Киіктің киесі бар екені сенген мен көргенге – ақиқат, иесі оның – табиғат. Табиғат – адамзатқа аманат! Табиғатты анаға да телиміз, ал аманат пен анаға – қиянат жасауға болмайды.
Ақпарат дереккөзі: 2020жылы 9 желтоқсан «Егемен Қазақстан» газеті, «Киік қорғаушылармен өткен бір күн» мақаласынан алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: