Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-0°C

, Сәрсенбі, 13 қараша, 11:12

Көктемде қанша азамат әскерге шақырылады?

01.03.2024

692

0

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес бүгін, 1 наурызда ел азаматтарын әскерге шақыру аясында жоспарланған іс-шаралар басталды. Бұл туралы Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті бастығының орынбасарлары полковниктер Азамат Досымов пен Фархат Айдарбаев ақпарат берді, деп хабарлайды Zhalagash-zharshysy.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Айта кетсек қалалық және аудандық шақыру комиссияларының жұмысы жергілікті атқарушы органдар әкімдері орынбасарларының басшылығымен жүргізіледі. 

«2024 жылдың 30 маусымына дейін Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарын 18 бен 27 жас аралығындағы 20 мыңға тарта азамат толықтырады. Қарулы күштерге 10 000-ға жуық, Ұлттық ұланға – 6 500-ден астам, ҰҚК Шекара қызметіне – 3 000-дай, Төтенше жағдайлар министрлігіне және Мемлекеттік күзет қызметіне – 500-ден аса азаматты шақыру жоспарланып отыр», деді полковник А. Досымов.

Әскерге шақырылатындарды хабардар ету жеке шақыру қағаздарын үйлеріне немесе қызметтік мекенжайларына жіберу арқылы жүзеге асырылады. 

Полковник Фархат Айдарбаев мерзімді әскери қызметті дәріптеу барысында мемлекет қабылдаған шараларға тоқталды.

Мерзімді әскери қызметтің тартымдылығын арттыруға бағытталған Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында сарбаздарға «кредиттік демалыс» беру жобасы сәтті жүзеге асырылып жатыр. Мәселен, бүгінгі таңда 2,3 млрд теңге сомасына 6 мыңнан астам әскери қызметшінің төлемдерді кейінге қалдырылды.

«Президенттің армияда жұмысшы мамандығын үйрету туралы тапсырмасы іске асырылып жатыр. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың оқу орталықтарында әскери-есептік мамандықтар бойынша даярлық жүргізіледі. Оқу аяқталғаннан кейін әр әскери қызметші мемлекеттік үлгідегі куәлік алады. Әскерден кейін осындай мамандық меңгергендердің жұмысқа орналасу мүмкіндігі көбірек. Бұған қоса келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру мүмкіндігі де қарастырылған», деп түсіндірді Департамент бастығының орынбасары полковник Ф.Айдарбаев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: