Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

8°C

, Бейсенбі, 28 қараша, 13:01

Колледж студенттері МӘМС жүйесінде сақтандырылған

28.11.2024

33

0

Кәсіптік білім берудің бастапқы сатысы – колледждер. Қызылорда облысында олардың саны – 16. Zoom конференциясы барысында орта білім беру ұйымдарының педагогтары мен студенттерімен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің өзекті мәселелері талқыланды.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалының бөлім басшысы Ғалымжан Салықовтың айтуынша, облыс халқының 83 пайызға жуығы МӘМС жүйесінде сақтандырылған. Олардың қатарында күндізгі бөлімде оқитын студенттер бар. Студенттер мемлекет тарапынан сақтандырылатын 15 жеңілдікті санатқа кіреді.

Сондай-ақ, спикер егер студент МӘМС-те сақтандырылмаған болса, оқу орнының деканатына хабарласып, мәліметтерді Ұлттық білім беру деректер базасына енгізуді талап ету керектігін атап өтті.

Конференция соңында спикер сұрақтарға жауап берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: