Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

12°C

, Жексенбі, 05 мамыр, 11:26

Сәкен Сейфуллин туралы фильм түсіріледі

25.07.2023

421

0

Келесі жылы ақын, қоғам және мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығы тойланады. Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов атаулы датаға орай фильм түсірілетінін жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министр арнайы ашылған орталықта азаматтарды қабылдаған.

«Келесі жылы Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығын тойлау тақырыбы талқыланды. Актер және жазушы Қанат Жүнісов көрнекті жазушы және қоғам қайраткеріне арналған фильмнің сценариін және операсын ұсынды. Ұсыныс қызық. Әсіресе, опералық қойылым қызық», деп жазды министр.

Айта кетсек, 2030 жылға қарай қазақстандық авторлардың қойылым санын 600-ге дейін арттыру жоспарланып отыр.  

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: