Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-3°C

, Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 21:26

МӘМС-те сақтандырылудың жаңа тәсілі енгізілді

07.09.2022

273

0

 МӘМС жүйесінің қатысушысы болу үшін енді өткен 12 айға жарна төлеудің қажеті жоқ. 5 қыркүйекте енгізілген өзгерістерге сәйкес, алдағы 12 ай үшін төлем жасауға болады. Бұл жыл бойына сақтандырылуға мүмкіндік береді.

Бұған дейін хабарланғандай, шілде айында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер бекітілді. Жаңа норма алдағы 12 айға жарна төлеу арқылы МӘМС жүйесіне дербес төлеушілердің қатысуының баламалы әдісін қарастырады. Бұған дейін МӘМС жүйесінде медициналық көмекке құқық алу үшін өткен 12 айға төлем жасалуы керек еді.

«Халық денсаулығына қатысты мәселелер күн тәртібінен түскен емес. Президент халықтың белгілі бір бөлігі әлі де МӘМС жүйесінен тыс қалып отырғанына назар аударды және қысқа мерзімде оларды жүйеге тарту бойынша шаралар қабылдауды тапсырды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі 2020 жылдан бастап іске қосылғанына және жарналар барлығына міндетті екеніне қарамастан, кейбір бейресми жұмыспен қамтылған азаматтар жарна төлемеген немесе төлемді тұрақты жүргізбеген. МӘМС туралы Заңның жаңа нормасын енгізгенге дейін сақтандырылу мәртебесі өткен 12 ай үшін жүйелі төлем болған кезде ғана берілді. Сондықтан МӘМС тізіміне кіретін медициналық көмек алу қажеттілігі туындаған кезде сақтандырылмаған адамдар төлем жасамаған айлар үшін жарналарды, яғни берешекті төлеуі керек еді. Алайда бұл нұсқа бәрінің бірдей көңілінен шықпады. Енді сақтандырылудың баламалы тәсілі пайда болды. Алдағы 12 ай үшін жарналарды төлеуге мүмкіндік бар. Бұл жыл бойы МӘМС-те медициналық көмекке қол жеткізуге мүмкіндік береді», – дейді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Ақпараттық-түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Ирина Подскочая.

Осылайша, сақтандыру мәртебесін алу үшін келесідей қадам жасау керек:

А) 12 айдың өтіп кеткен кезеңдері үшін төлем жасап, мәртебені жоғалтпау үшін жарналарды одан әрі жүйелі түрде төлеуді жалғастыру керек. Бұл тәсіл қарызы бар, ал қазіргі уақытта ресми түрде жұмысқа орналасқандар үшін ыңғайлы және ол үшін қазір жарналар түсіп жатыр;

б) ағымдағы айларды қоспағанда, болашақ 12 айға төлем жасап, бір жыл ішінде сақтандырылу керек. Мәртебе келесі айдан бастап пайда болады. Егер мәртебені ағымдағы айда алу қажет болса, онда ол үшін төлем жасау қажет.

Жарналарды екінші деңгейлі банктер, банктердің мобильді қосымшалары, Қазпошта және төлем терминалдары арқылы дербес төлеуші ретінде әр ай үшін жеке 3 000 теңгеден төлеу қажет. Барлық төлемдерді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік Корпорациясы 2-3 күн ішінде өңдейді, содан кейін оларға мәртебе беріледі.

Егер сұрақтарыңыз болса, емханаңыздағы Пациенттерге қолдау көрсету қызметіне хабарласуға болады. Егер ол жерде сізге көмектесе алмаса, онда өзіңізге ыңғайлы байланыс арнасы арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өтініш жібере аласыз: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Telegram-дағы SaqtandyryBot және Qoldau 24/ 7 мобильді қосымшасы.

Дәл осы құралдар сақтандырылу мәртебесін тексеруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеріп, жүргізілген төлемдер туралы ҚР egov.kz электрондық үкіметінің сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Медициналық қызметтер туралы және МӘМС-те аударылған сомалар туралы ақпарат» мемлекеттік қызметі арқылы біле аласыз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: