Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Сәрсенбі, 16 қазан, 03:16

Нұрлыбек Нәлібаев БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

28.06.2022

492

0

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев сырбойылық БАҚ өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтады.

Құрметті бұқаралық ақпарат саласының қызметкерлері! Қадірлі сала ардагерлері!

Көркем әдебиеттің көрнекті өкілі Әзілхан Нұршайықов: «Газеттің ісі бір күндік, сөзі мың күндік» деп баспасөздің бағасын білдіргендей, Сырдың сөз қуаты, ой шуағы ежелден еленген ерекшелікке ие.

Бүгінгідей медиа кеңістіктің ауқымы кеңейіп, ақпарат таратудың көзі көбейгені журналистердің кәсіби деңгейін көтере түсті. Қазір қаламгерлер жаңалықтар жаршысы ғана емес, жедел және ашықтық алаңының айнасына айналды. Осындай жауапты жұмысты жандандырып, қалам құнарымен, ой шұрайымен қоғамға қызмет етуші журналистика майталмандарын төл мерекемен құттықтаймын.

Қазақ журналистикасының қарыштауы уақытпен үндестігі, замана зейінімен үйлескені десек, руханияттың келелі күші – ақпараттық өріс. Тұтынушы талғамын табу, тың тақырыптар ұсыну, ақиқатқа араша түсу, оқырманға сапалы өнім жеткізу сынды талапты талантты журналистер орындайды. Бәсекелестік нарықта тынбай, талмай еңбек ететін қаламгер қашанда қоғамның құрметіне лайық.

Бүгінгі күні облыстың медиа кеңістігінде 130-дан аса бұқаралық ақпарат құралы жұмыс жасауда. Әрбір басылымның өз оқырманы, телеарна мен радионың өз көрермені мен тыңдарманы бар. Мұның өзі іргелі индустрияның ізі.

Газеттің пікірі – халықтың сөзі, көптің ойы. Шынайы сөз бен сұңғыла сюжет адам үшін айнымас түйін, нақты нышан. Сондай сұранысты қамтамасыз етудің жауапкершілігі журналистер үшін ең шұғыл, ең тәуекел байлам. Мұндай мүмкіндікті кәсіби мамандар ғана атқара алады.

Қадірлі БАҚ өкілдері! Сіздерді төл мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, еңбектеріңізге табыс, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға құт-береке, амандық тілеймін.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: