Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

25°C

, Бейсенбі, 25 сәуiр, 17:04

Партияластар. Делегаттар. Атқарылған жұмыстар

24.01.2023

272

0

«AMANAT» партиясы қызметінің саяси тұғырнамасы сәйкес бүгінгі таңда нақты да бір әлеуметтік топтармен жүргізілетін жұмыстар түбегейлі түрде жаңарып, ашықтық пен жауапкершілік қағидаттарына, көрнекті нәтижелерге сүйене отырып құрылған. Бастауыш партия ұйымдары – халықпен арадағы алтын көпір. Ағымдағы жылдың 23 қаңтар күні «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының «Таң ауылдық округі» бастауыш партия ұйымының жиналысы болып өтті. Жиналыстың күн тәртібіне аумақтық партия филиалының кезектен тыс конференциясына делегаттар сайлау және аумақтық мәслихат депутаттарының 2 жыл ішінде атқарған жұмыстары туралы есебі қойылды.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша бастауыш партия ұйымы мүшелерінің дауыс беруімен «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының кезектен тыс ХХХVI конференциясына делегаттар сайланды.
Аудан тұрғындарының әл-ауқатын жақсартудың өзекті мәселелері, экономиканың өсу қарқындарын жетілдіру, елді мекендер инфрақұрылымын әрі қарай дамыту бойынша атқарған «AMANAT» партиясы атынан сайланған Жалағаш аудандық мәслихат депутаттарының атқарған жұмыстары туралы айтып өттім.
Бастауыш партия ұйымының күн тәртібіне қойылған мәселелер толығымен қаралды.

AMANAT

МҰСТАФАЕВА Қаншагүл,
«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: