Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

17°C

, Дүйсенбі, 31 наурыз, 14:39

Пітір садақаны айт күні беруге бола ма

28.03.2025

298

0

Пітір садақасын беру Хижреттің екінші жылы, яғни Рамазан оразасы парыз етілген жылы міндеттелген, деп жазады Egemen.kz.

Пітір садақа азаматтарды жомарттыққа баулып, адамзат арасындағы бауырмалдықты берік ете түсумен қатар, Рамазан айында біліп-білмей жасалған кем-кетікті жояды. Бұл туралы хадисші Уәкиъ ибн әл-Жәррах та (р.а.) былай дейді: 

«Рамазан айындағы пітір садақа – намаздағы сәһу сәждесі іспетті. Намазда жіберген қателікті сәһу сәждесі арқылы толықтыратын болсақ, рамазанда жіберген кем-кетіктерді пітір садақасы арқылы жоямыз».

Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқарамасының Төралқа мәжілісінде пітір садақасы еліміз бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 655 теңге болып бекітілген еді. 

Дін ғалымдары оны Рамазан айының ішінде немесе айт намазына дейін беру керек екенін айтады. 

Пайғамбарымыз (с.а.у.) пітір садақаны айт намазына шықпай тұрып беретін болған. Пайғамбарымыз (с.а.у.) «Осындай күнде (айт мейрамы күні) кедейлерді қайыр-садақ тілеуге мәжбүр етпеңдер» -деген. 

Фиқһ ғалымдары пітір садақасын айт күні таң атқан соң айт намазын оқымай тұрып беру ұнамды амал дейді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: