Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

27°C

, Сейсенбі, 16 тамыз, 21:16

«Қайсар» футбол клубы Қазақстан барысына құрмет көрсетті

20.07.2022

161

0

Бәсі биік бәсекеге баланатын Қазақстан барысының биылғы жеңімпазы Мақсат Исағабыловқа «Қайсар» футбол клубы құрмет көрсетіп, қошеметке бөледі.

Команданың кешкі жаттығуында футболшылар даңқты балуанмен жүздесіп, Мақсатты мәртебелі жеңісімен құттықтады.

«Сыр өңірі талантты спортшыларды түлетуде оқ бойы озық келеді. Мақсат соның бір дәлелі. Әр аймақтың ең үздік балуандары сынға түскен турнирде Сыр мақтанышы намысты қолдан бермей, Қызылордаға үшінші жеңісті сыйлады. Мақсаттың бұл жеңісі одан әрі жалғасын тауып, әлем барысын бағындыратына сеніміміз мол. «Қайсар» футбол клубы спорттық мансабыңа әрдайым тілектестік білдіреді», – деді клуб директоры Садық Шоңмұрынұлы.

Кездесу барысында Мақсатқа «Қайсардың» 12 нөмірлі жейдесі мен естелік сыйлықтар табысталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: