Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

24°C

, Жұма, 03 мамыр, 22:38

«Қарсыластың мойнын қайырған». Елдос Сметов Grand Slam турнирінен шеттетілді

01.03.2024

488

0

Дзюдодан Ташкентте өтіп жатқан Grand Slam турнирінде отандасымыз, олимпиаданың екі дүркін жүлдегері Елдос Сметов ширек финалда ұтылды. Сонымен қатар ұйымдастырушылар спортшыға жұбаныш белдесуінде өнер көрсетуге рұқсат бермеді, деп жазады Zhalagash-zharshysy.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Ширек финалда Елдос Сметов грузиялық Георгий Сардалашвилиге ескерту саны бойынша есе жіберді. Соңыра жұбаныш белдесуіне де жіберілмейтіні белгілі болды. Бас бапкер Нұрбол Сүлейменов оның турнирден шеттетілуіне тыйым салынған әдісті қолданғаны себеп болғанын айтты.  

«Елдос Сметов ширек финалда қарсыласының мойнын бұрап жіберді. Бұл әдіске дзюдода тыйым салынған, себебі, спортшының денсаулығына қауіп төндіреді. Сондықтан, төреші Сметовке «хансоку-маке» берді. Бұл ескертуден кейін спортшы жарысты жалғастыра алмайды. Елдостың жұбаныш белдесуіне қатыспау себебі осы. Жалпы, Елдостың дайындығы жаман емес. Жарақатының да беті бері қарап қалды. Ташкент турнирін жетінші орынмен аяқтап отыр», деді Нұрбол Сүлейменов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: