Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

7°C

, Сейсенбі, 26 қараша, 12:38

Қауіпсіздік қаперде болсын

26.11.2024

37

0

Жылу беру маусымы басталғалы елімізде өрт шығу салдарынан қолайсыз оқиғалар жиілеп кетті. Сондықтан маусымында тұрмыста табиғи газды қауіпсіз пайдалану аса маңызды. Әсіресе газ жабдықтарының техникалық жағдайын тұрақты тексеріп, сақтық шараларын қатаң сақтаған абзал.

Иә, өрттің салдарымен күрескенше, оның алдын ал­ған тиімді. Осы бағытта аймақта бірқа­тар шара ұйым­астырылып, түсіндірме жұмыстары кү­шей­тілген. Мәселен, облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт ба­қылау басқармасы мамандарының айтуынша, жылу беру маусымында өрт­тің алдын алу және қауіп-қатерді азайту мақсатында әр сенбіде департамент, полиция қызмет­керлері және во­лонтерлер бірлесіп, облыс кө­ле­мінде профилактикалық жұмыстар атқаруда.
Биыл 41 827 тұрғын үйді аралап, тұрғындармен 191 кездесу өткен. Онда электр және газ жабдықтарын орнату мен пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілген.
Шыны керек, орын алып жатқан өрт оқиғаларының көпшілігі тұрғындардың қауіпсіздік шараларына салғырт қа­рауынан, яғни тұрмыстық пештердің техникалық жағ­дайына мән бермеуінен, балаларды қараусыз қалды­руынан пайда болады. Сондықтан департаментпен аймақтағы әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсету шаралары да жүзеге асуда.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеу­меттік бағдарламалар басқармасымен тұрмысы төмен, көпбалалы, жалғызбасты аналар мен мүгедектігі бар адамдар тұратын 5 463 отбасының тізімі нақтыланған. Аталған отбасылардың ішінде жылыту жүйесі табиғи газбен қамтылатын үйлерге орнату үшін 484 датчик сатып алынған. Сондай-ақ жергілікті бюджет есебінен алынған 160 көмірқышқыл газын анықтайтын датчик әлеуметтік осал отбасыларға орнатылған.
Айта кету керек, 19 қараша мен 19 желтоқсан ара­лығында әр аптаның сәрсенбі, жұма және сенбі күндері мүдделі мемлекеттік органдар мен түрлі қоғамдық бір­лес­тіктердің өкілдерімен ауқымды профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Ж.АРЫН

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: