Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

19°C

, Сенбі, 27 сәуiр, 17:35

Қазақстан құрамасы Грекиядан жеңіліп қалды

22.03.2024

1126

0

qazsporttv.kz

Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінде Грекиядан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Осылайша Қазақстан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының жолдамасынан қағылды.

21 наурызда Қазақстан және Грекия құрамалары Ұлттар лигасының жартылай финалын өткізді. Матч 5:0 есебімен Грекия командасының жеңісімен аяқталды.

Ойынның тоғызыншы минутында грек құрамасының капитаны Бакасетас пенальтиді орындап, алғашқы голды соқты.

Қазақстандық футболшылардың өрескел қателігін ұтымды пайдаланған грек футболшысы Димитриос Пелькас 15, Фотис Иоаннидис 37, Димитриос Курбелис 40-минутта қатарынан үш гол соқты. Ойынның 87-минутында Еркін Тапалов өзінің қақпасына гол соғып алды.

Енді Грекия құрамасы Ұлттар лигасы С жолы бойынша плей-офф сатысы финалында 26 наурызда Грузиямен ойнайды.

Ал Қазақстан құрамасы бұл күні Ұлттар Лигасының жартылай финалында Грузияға есе жіберген Люксембург командасымен кездеседі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: