Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-4°C

, Сәрсенбі, 11 желтоқсан, 14:13

Қазақстан жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты тарихында алғаш рет алтын медаль жеңіп алды

21.07.2022

782

0

Қазақстан жеңіл атлетикадан әлем чемпионатының тарихында алғаш рет алтын медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл Орегондағы (АҚШ) әлем чемпионатында болды. Тарихи жетістіктің авторы – қазақстандық спортшы Нора Джеруто. Ол 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден бірінші орын алды. Ол қашықтықты 8:53,02-де жүгіріп шықты.

Осылайша, Қазақстан жеңіл атлетикасы тарихында әлем чемпионатында алғаш рет алтын медаль иеленді. 

Екінші және үшінші орындарды Эфиопия өкілдері Веркуха Гетачью (8:54,61) мен Мекидес Абебе (8:56,08) иеленді.

Еске салайық, Кенияның тумасы Джеруто Қазақстанға 2017 жылы көшіп келген. 2022 жылы ол әлем чемпионатында Қазақстан атынан шығуға ресми рұқсат алған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: