Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Жұма, 22 қараша, 01:28

Қазақстанда 78 мыңнан астам дәрігер бар

17.06.2022

571

0

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Медицина – ерекше жан-дүниені сезіне білу қасиетін, жоғары кәсіби біліктілікті, білім мен тәжірибені қажет ететін сала. Дәрігерлер әрдайым адамгершілігімен, жанқиярлығымен және өз ісіне деген адалдығымен ерекшеленеді. Медицина – адам туғаннан бастап өмірінің соңына дейін араша түсетін жалғыз мамандық. Адамның өмір сүруіне үміт беретін дәрігер. Бүгінгі таңда Қазақстанда 260 мыңға жуық медицина маманы, оның ішінде 78 мыңнан астам дәрігер және 189 мың орта медицина қызметкері жұмыс істейді. Елімізде күн сайын 2 мыңнан астам операция жасалады, тәулігіне 600-ден астам әйел босанады, стационардан 7 мыңнан астам науқас емделіп шығады, емханаларда 420 мыңнан астам адамға және жедел жәрдем 19 мың адамға қызмет көрсетеді» делінген министр Ажар Ғинияттың құттықтауында.

Оның айтуынша, Қазақстанда денсаулық сақтау саласы қарқынды дамып келеді. Халықтың қалың тобына, оның ішінде ауыл тұрғындарына қолжетімді және жедел алғашқы медициналық көмекті ұйымдастыру тәсілдері қайта қаралып жатыр.

Жоғары технологиялық көмек көрсету көлемі өсіп, жаңа перинаталдық орталықтар салынуда. Инновациялық бағдарламалар енгізіліп жатыр.

Осындай жаңалықтардың арқасында бүгінгі күні сирек кездесетін және күрделі ауруларға сәтті диагностика жүргізіліп, емделіп жүр.

Онкологиялық және гематологиялық ауруларға күдік туындаған кезде пациенттерді тексеруді және емдеуді жеделдету үшін «Жасыл жол» енгізілді.

«Соңғы жылдары біз ең маңызды екі көрсеткіштің жақсарғанын байқайдық – өмір сүру ұзақтығы және туу көрсеткіші өсті. Қазақстан Республикасының Президенті 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Балалардың денсаулығын сақтау іс-шараларын іске асыру шеңберінде біз профилактикаға ерекше назар аударамыз. Соған байланысты жүргізілетін зерттеулердің ағымдағы көлемін ескере отырып, балаларды профилактикалық тексеру кеңейтіледі. Осындай жетістіктерге сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын сала мамандарының еңбегі ерекше зор. Барлық медицина қызметкерлеріне қазақстандықтардың денсаулығын сақтауға қосқан баға жетпес үлесі үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Ерекше алғыс сөздерін сала ардагерлеріне айтқым келеді. Сіздердің тәжірибелеріңіз дәстүрді сақтауға көмектесіп, мамандардың жаңа буынына үлгі болары сөзсіз» дейді Ажар Ғиният.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: