Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

23°C

, Бейсенбі, 25 сәуiр, 18:12

Қазақстанда мерекелік күндерге тағы екі мейрам қосылады

25.07.2022

790

0

Ұлттық экономика министрлігі Қазақстандағы мерекелер тізіміне қосымша әзірледі. Енді елімізде екі жаңа мереке пайда болады, деп хабарлайды Stan.kz.

9 қыркүйек – Қазақстан кәсіпкерлер күні;

19 желтоқсан – Жарнама мамандарының күні.

Ведомство өкілінің мәліметінше, Қазақстан кәсіпкерлері үшін ресми мерекені енгізу жүздеген мың қазақстандықтар үшін өзекті әрі маңызды болмақ.

Жаңа мерекелік күн кездейсоқ таңдалмаған. 2013 жылдың 9 қыркүйегінде Қазақстандағы барлық бизнесті біріктіретін «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасын құру туралы құжатқа қол қойылды.

Сондай-ақ олар Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында жаңа мерекені белгілеу бастамасы мемлекеттік саясаттың басымдықтары мен еліміздің негізгі қоғамдық-саяси күштерін осы саладағы топтастыруды айғақтайтынын атап өтті.

Жарнама маманының мереке күнінің ҚР «Жарнама туралы» Заңының қабылданған күнімен сәйкес келуі ұсынылды. Құжатқа сәйкес, Қазақстанда шамамен 2 мыңға жуық жарнама ұйымы тіркелген, 100 000 жарнама маманы жұмыс істейді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: