Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Бейсенбі, 05 желтоқсан, 18:17

Қазақстанда зейнеткерлікке шығу жасы төмендей ме

25.02.2021

434

0

Елімізде Әлеуметтік кодекс тұжырымдамасының жобасы әзірленіп жатыр.

Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің жауабында айтылған, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қазіргі уақытта зейнетақымен қамсыздандырудың барлық үш деңгейі (ынтымақты, базалық және жинақтаушы зейнетақы) еңбек өтіліне байланысты. Бұл ретте ынтымақты зейнетақының мөлшері біртіндеп төмендейді. Өйткені, оны тағайындау барысында тек 1998 жылдың 1 қаңтарына, яғни жинақтаушы жүйе енгізілгенге дейінгі еңбек өтілі есепке алынады. Ынтымақты зейнетақының төмендейтін мөлшері міндетті зейнетақы жарнасын аудару кезеңінің артуы есебінен зейнетақының жинақтаушы бөлігінің артуы есебінен өтелуі тиіс», – деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысының айтуынша, базалық зейнетақы зейнет жасына жеткен барлық тұлғаға зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты ең төменгі күнкөрістің 54-тен 100 пайызына дейінгі мөлшерінде беріледі. «Демек, ұзақ жұмыс істеген сайын базалық зейнетақы мөлшері де жоғары болады. Зейнеткерлікке ерте шығу зейнетақы жарналарын аудару кезеңінің ұзақ болмауы байланысты қартайғанда жеткілікті зейнетақы төлемін алу үшін зейнетақы жинағының жеткілікті көлемін жинауға мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар бұл базалық зейнетақының да мөлшеріне әсер етеді», – деді Премьер-Министр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: