Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Тәуелсіздік мерекесіне неше күн демалыс берілетінін нақтылады, деп жазады Egemen.kz.
Биыл 16 желтоқсан аптаның жұма күніне түсіп тұр. Сондықтан, бұл мерекеге тек бір күн демалыс беріледі, әрі қарай сенбі-жексенбі күндері әдеттегі демалыс болады. Бұл туралы министрліктің отандық БАҚ-тың сауалына берген жауабында айтылған.
Айта кетсек, қазанның 25-ші жұлдызында қазақстандықтар Республика күнін атап өтеді. Бұл мерекеге орай қазақстандықтар 3 күн қатарынан демалады. Мұндағы демалыс күні 22 қазан сенбіден 24 қазан дүйсенбіге ауыстырылатыны хабарланған еді. Осылайша, қазақстандықтар 23-25 қазан күндері демалады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!