Қазақстанда 2022 жылдың екінші тоқсанында атаулы орташа жалақы 312 мың теңгеден асты, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
2021 жылдың тиісті тоқсанына қарағанда өсім 24%-ды, нақты мәнде – 8,9%-ды құрады. Жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) 2022 жылғы ІІ тоқсанда бағалау бойынша 196 728 теңгені құрап отыр.
Бюроның мәліметінше, жалақының өсуі барлық қызмет түрлерінде байқалған. 2021 жылға тиісті тоқсанмен салыстырғанда ең жоғары өсім – құрылыс – 35,5%-ға, көлік пен қоймалау – 34,8%-ға, тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 28,3%-ға салаларында байқалады, баяу қарқын денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету салаларында – 12,1%-ға және көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсынуда – 3,9%-ды құрап отыр.
«Орташа айлық жалақы туралы деректер кәсіпорындардың тоқсан сайынғы статистикалық есебі негізінде есептеледі. Орташа мән қосымша ақыларды, үстемақыларды, сыйақыларды, сондай-ақ салық пен басқа да ұсталымдарды (табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналарын) есепке ала отырып қалыптастырылады. Медиана жалақысы – есептелген жалақы мөлшері бойынша қызметкерлер санын бөлгендегі қатардың тең ортасында тұрған және сол мөлшерді екіге бөлетін (одан көп және аз) жалақы мөлшері», деп түсіндірді Ұлттық статистика бюросы Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы департаментінің директоры Наталья Белоносова.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!