Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

16°C

, Бейсенбі, 19 қыркүйек, 03:40

ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Қызылорда облысына іссапармен келді

08.06.2023

398

0

Бүгін аймаққа ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Т.Сұлтанғазиев іс-сапармен келді. Вице -министр алдымен Тасбөгет кентіндегі №4 қалалық емхананың жұмыс барысымен танысты. 

Аталған емхана кентке қарасты 3000 ға жуық тұрғынға қызмет көрсетеді. Кентте жаңа емхана ғимаратын тұрғызу тұрғындардың көптен бері қозғап жүрген базынасы еді. Арнайы келген вице-министр осы мәселемен танысты.

Мұнан соң вице-министр облыстық жедел-жәрдем станциясы мен облыстық көпбейінді аурухана жұмысымен танысты. Ондағы қызметкерлермен кездесіп, атқарылып жатқан жұмыс барысын көрді. Мамандармен пікір алмасты. 

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі түстен кейін сала мамандары және қала тұрғындарымен кездеседі. Екі күнге жалғасатын іс-сапар ертең Жалағаш ауданында жалғасын табады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: