Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сенбі, 20 сәуiр, 02:50

Қуаныш Жанұзақов жаңа қызметке тағайындалды

03.10.2022

652

0

Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасы басшысының бұйрығымен Жанұзақов Қуаныш Қуантқанұлы «Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Жанұзақов Қуаныш Қуантқанұлы 1982 жылы 24 желтоқсанда Қызылорда облысы Арал ауданында дүниеге келген.

2005 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қазақ тілі және әдебиеті мамандығын тәмамдаған.

Алғашқы еңбек жолын 2005-2006 жылдары Қызылорда облыстық соттар әкімшісінің іс тіркеушісі-баспасөз хатшысы қызметінен бастап, 2007-2009 жылдар аралығында Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасында бас маман, 2011-2014 жылдары Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасында бөлім басшысы, Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінде бас инспектор, 2014-2015 жылдары Арал ауданы әкімінің орынбасары, 2015-2018 жылдар аралығында ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы, 2018-2020 жылдар аралығында облыстық Жастар басқармасында басшы, 2021-2022 жылдары Қызылорда облысы дін істері басқармасының басшысы, 2022 жылдан бастап осы күнге дейін Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
Отбасылы. Отбасында 2 бала тәрбиелеп отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: