Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

28°C

, Жұма, 19 сәуiр, 19:50

Қызылорда облысы ажырасу бойынша ең төменгі көрсеткішті көрсетті

10.02.2021

693

0

2020 жылдың үш тоқсанында елде 87,6 мың неке және 17,3 мың ажырасу жағдайы тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда некелер саны 15,7%-ға, ал ажырасулар саны бірден 2,6 есеге қысқарды.

2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте ажырасу мен некелесу қатынасы рекордтық төмен көрсеткіш — 19,8%-ды құрады, ал өткен жылы көрсеткіш, керісінше, рекордтық жоғары теріс мәнге — 43,5%-ға жетті.

2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте елдегі тіркелген некенің 69%-ға жуығы, яғни 60,4 мыңы қалаларға тиесілі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 17,5%-ға аз. Ауылдық жерлердегі тіркелген некелер саны бір жылда 11,6%-ға, яғни 27,2 мыңға дейін қысқарды.

2020 жылғы қаңтар-қыркүйектегі ҚР-да ажырасу жағдайларының 73,4%-ы, яғни 12,7 мыңы (бір жыл бұрын — 73,3%) қалаларға, ал 26,6%-ы, яғни 4,6 мың ауылдық жерлерге тиесілі болды. Бұл ретте қалалық және ауылдық жерлерде де ажырасулар саны бір жылда 2,6 есеге қысқарды.

ҚР барлық өңірінде неке саны азайды. Көрсеткіш Шымкентте (-27,4%), Қостанай облысында (-19,8%) және Алматыда (-18,3%) төмендеді. Ең аз төменгі көрсеткіш Қызылорда (-10,2%), Павлодар (-10,5%) және Түркістан (-11%) облыстарында байқалды.

Ел бойынша ажырасу жағдайларының саны аз. Ажырасу санының анағұрлым төмендеуі Қызылорда (4 есе), Атырау (3,7 есе) және Батыс Қазақстан (3,1 есе) облыстарында байқалды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: