Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

0°C

, Жұма, 13 желтоқсан, 17:36

Қызылорда облысында 559,6 тонна қант бар

27.06.2022

316

0

Бүгінгі күні Қызылорда облысында 559,6 тонна қант бар. Тұрақтандыру қорында 58 тонна қант көлемі бар болса, қарыз алушылармен айналым схемасы бойынша 155,6 тонна міндеттемелер белгіленген.

Облыстық ауыл шаруашалығы басқармасының дерегінше қазірге дейін «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ҰК» АҚ арқылы 272 тонна қант тұрақтандыру қорына жеткізіліп, 38 әлеуметтік дүкен мен әлеуметтік бұрышта тұрғындарға 370 теңгеден ұсынылуда.

«Бұдан бөлек, қант бағасын тұрақтандыру үшін облыс әкімдігі «Көксу қант зауыты» ЖШС-мен 612 тонна өнім алу жөнінде келісім шарт жасалу нәтижесінде бүгінгі күнге 408 тоннасы жеткізіліп, ол сауда желілеріне белгіленген бағада таратылуда. Жалпы жыл аяғына дейін жоспарланған 3 315 тонна қант толығымен жеткізілетін болады», – делінген басқарманың таратқан хабарламасында.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: