Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

8°C

, Жексенбі, 13 қазан, 15:33

«Қызылорда облысының экономикалық даму картасы»: 271 млрд теңге, 265 маңызды жоба

17.02.2021

529

0

Бүгінде Қызылорда облысында 271 млрд. теңгені құрайтын өңірдің «Экономикалық даму картасы» өзінің тиімділігін көрсетуде. Бұл туралы аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова 2020 жылғы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары бойынша халық алдындағы есепті кездесуінде айтты.

«Облыстың жалпы экономикалық жағдайын талдай отырып, біз өткен жылы өңірдің 2023 жылға дейінгі «Экономикалық даму картасын» қабылдадық. Картада 271 млрд теңгені құрайтын 265 маңызды жоба бар. Бүгінгі күні жалпы құны 7 млрд теңгені құрайтын 89 жоба өз жұмысын бастады, 1047 жұмыс орны құрылды. Биыл жобалар санын 500-ге жеткізу жоспарлануда», – деді Гүлшара Наушақызы.

Өңірде кешегі індет кезінде мейрамханалар қызметін тоқтатқаны белгілі. Осыған орай, облыс бойынша 128 мейрамхананың 15-сі қызметін өндіріс саласына қайта бағыттады.

Сонымен қатар, аз қамтылған көп балалы отбасыларын тұрақты табыспен қамтамасыз ету мақсатында оларды кәсіпкерлікке тарту жолға қойылуда. Мәселен, «Еңбек» бағдарламасы бойынша 670 көп балалы ана бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттар алды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: