Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

6°C

, Жұма, 29 наурыз, 20:00

Қызылордада кітапханашылардың тәжірибе алаңы өтті

23.05.2023

275

0

Бүгін облыстық білім басқармасы мен оқу орталығының ұйымдастыруымен №264 мектеп-лицейінде “Кітапхана озық тәжірибе зертханасы” тақырыбында облыстық тәжірибе алаңы өткізілді. 

Тәжірибе алаңына облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет және барлық аудандардағы білім бөлімінің әдіскерлері мен кітапханашылары қатысып, өзара тәжірибе алмасты.

Кітапханашылардың кәсіби шеберлігін шыңдай отырып, балалар мен жасөспірімдердің арасында кітап оқу мәдениетін арттыруды мақсат еткен тәжірибе алаңында Мейрамбек Зинабдинұлы қатысушыларға сәттілік тілеп, аймағымызда “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

«Кітап – адамзат баласының баға жатпес асыл қазынасы болып табылады. Балаларды кітап оқуға баулу мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Биыл осы мақсатта облыстық бюджеттен бөлінген 120 млн. теңгеге 70 аталым бойынша 30 мыңнан астам көркем әдебиет алынып отыр. Бұл оқушыларымыздың кітапқа деген қызығушылығын оятуға және “Оқуға құштар мектеп” жобасын тиімді жүргізуде өз септігін тигізетін болады», – деді басқарма басшысы.

Жиын соңында қатысушылар кітапханашылар арқылы кері байланыс білдіріп, алдағы уақытта бүгінгі семинардан алынған әдіс-тәсілдер мен тәжірибелерді өз жұмыстарынан көрініс табатындарын айтып, өз алғыстарын білдірді.

347239876_787659092773726_7966984081188700082_n.jpg
347402017_6123016447785060_8858805479887545325_n.jpg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: