1990 жылы туылған Гүлсая Қошқарбаевна Шагирова «Ата-мекен 2021» тұтыну кооперативін құрып, азаматтарға пайызсыз баспана және автокөлік алуға шақырып, салымшылардан ақша жинаған.
Нәтижесінде 11 салымшы 17,6 миллион теңгесінен айырылған.
Сот оны Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 217-бабымен (қаржылық пирамиданы құру) кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеумен қатар, бес жылға бас бостандығынан айырды.
Жәбіршіленушілерге келтірілген шығын өтелді.
Қызылордада қаржы пирамидасын құрған азаматша 5 жылға сотталды
19.11.2024
216
0

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!