Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

27°C

, Сейсенбі, 16 тамыз, 21:40

Қызылордада қоян – қолтық ұрысынан жеңімпаздар анықталды

03.07.2022

54

0

Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай, Қызылорда облысының полиция департаменті бөліністері қызметкерлерінің арасында арнайы даярлық басқармасының ұйымдастыруымен қоян – қолтық ұрысынан жарыс өтті.

Қызылорда облысының Мәдениет және спорт басқармасына қарасты облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінде өткен бұл сайысқа полиция департаментінің басшылығы, ішкі істер органдарының ардагерлері және құрама командалар қатысты.

Жарыстың ашылу салтанатында Департамент бастығының орыбасары полиция полковнигі Әміржан Өтегенов құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Салауатты өмір салтын насихаттау, күш құрылымдары қызметкерлерінің физикалық дайындықтарын сынға салу мақсатында ұйымдастырылған бұл сайысқа қатысуға 11 құрама ниет білдіріпті.

Бүгінгі спорттық додада жалпы ережеде командалық есепте ОПД ЖҚАЖ командасы бірінші орынды иеленсе, екінші орынды ОПД Оқу-жаттығу взводының командасы тізгіндеп, Арал аудандық полиция бөлімі командасы үшінші орынға табан тіреді.
Жеңімпаздар кубок, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: