Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

19°C

, Жұма, 19 сәуiр, 06:17

Қызылордада Tartyl Fest жеңімпаздары марапатталды

28.07.2022

659

0

Қызылордада турникке тартылудан республикалық Tartyl Fest жарысы өтті.

Tartyl Fest турнирін ҚР Президент жанындағы «Дара» таланттарды қолдау қоры ұйымдастырды. Жарысқа барлығы 307 спортшы қатысты.

18-30 жас санатында өнер көрсеткен қызылордалық Ақберен Қуандықов бұрынғы рекордын жаңартуға жақын қалды – ол 40 рет тартылған. Бұған дейін Шымкентте өткен турнирде қатысушы Азамат Сапар 41 рет тартылып, рекорд орнатқан болатын.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Қызылорда қалалық мәдениет бөлімінің басшысы Жағыпар Тәжмаханов, «Дара» таланттарды қолдау қорының жетекшісі Нұрлан Қоянбаев, жоба амбассадоры, қоғам қайраткері, жаттықтырушы және актер Айтым Жақыпов марапаттады.

Бірінші орын алған қатысушылар 200 мың теңге ақшалай сыйлыққа ие болды. Екінші орынға – 100 мың теңге, үшінші орынға – 50 мың теңге табысталды.

Байқаудан кейін қатысушылар мен қала тұрғындарына белгілі әнші Мирас Жүгінісов сахнада өнер көрсетті.

Tartyl Fest 10 шілде мен 6 қыркүйек аралығында еліміздің 20 қаласында өтеді, оған қазақстандықтар қатысып, ақшалай сыйлықтар ұтып алады. Әр қалада 27 жеңімпаз таңдалады. Әр қаланың жеңімпаздары (тоғыз номинация бойынша) Нұр-Сұлтанда гранд-финалға қатысады. Гранд-финалдың чемпиондары street workout бойынша әлем чемпионатына барады.

Қызылорда қаласында өткен жарыстың жеңімпаздары:

18 жасқа дейін (55 кг дейін):

1 орын – Родион Цой – 16 жас, 51 келі – 38 рет

2 орын – Мирас Жолдасов – 15 жас, 53 келі – 31 рет

3 орын – Жанарбек Жұманов – 16 жас, 53 келі – 27 рет.

18 жасқа дейін (55-70 кг):

1 орын – Саидбаттал Мұхаммедхан 16 жас, 60 келі – 30 рет

2 орын – Шыңғыс Бердиев – 17 жас, 69 келі – 29 (36) рет

3 орын – Ерсұлтан Дастан -17 жас, 57 келі – 29 (25) рет.

18 жасқа дейін (70 кг-нан):

1 орын – Мейіржан Мұратбекұлы – 17 жас, 71 келі – 26 рет

2 орын – Максим Витченко – 17 жас, 72 кг – 26 (24) рет

3 орын – Әбсадық Рамазан – 16 жас, 72 келі – 24 рет.

18 жастан 30 жасқа дейін (65 кг-ға дейін):

1 орын – Өтеш Самат – 21 жас, 55 келі – 35 рет

2 орын – Ырысбек Дастанбекұлы – 18 жас, 50 ​​келі – 33 рет

3 орын – Кеңесов Данияр – 22 жас, 58 келі – 32 (34) рет.

18 жастан 30 жасқа дейін (65-80 кг):

1 орын – Ақберен Қуандықов – 29 жас, 66 келі – 40 рет

2 орын – Елжан Меңлібаев – 25 жас, 66 келі – 38 рет

3 орын – Бақытсұлтан Серік – 21 жас, 66 келі – 34 рет.

18 жастан 30 жасқа дейін (80 кг-нан):

1 орын – Владислав Ким – 22 жас, 86 келі – 28 рет

2 орын – Ұлағат Беркін – 23 жас, 84 келі – 24 (26) рет

3 орын – Дінислам Өмірғали – 24 жас, 80 келі – 24 (22) рет.

30 жастан бастап (80 кг дейін):

1 орын – Айбек Мәди – 31 жас, 64 келі – 36 рет

2 орын – Сәкен Аманов – 31 жас, 71 келі – 33 рет

3 орын – Айбек Әбжан – 30 жас, 64 келі – 31 (26) рет

30 жастан бастап (80-90 кг):

1 орын – Қанат Дүкенбаев – 31 жас, 82 келі – 30 рет

2 орын – Айдос Мұхтаров – 33 жас, 82 келі – 25 рет

3 орын – Жамағат Елубаев – 31 жас, 81 келі – 22 рет

30 жастан бастап (90 кг):

1 орын – Ержан Уалиев – 32 жас, 95 келі – 16 рет

2 орын – Нұрлан Сенбеков – 39 жас, 109 келі – 15 рет

3 орын – Бақытжан Жандарбаев – 40 жас, 95 келі – 14 рет.

Kyzylorda-news.kz. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: