Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

28°C

, Жұма, 19 сәуiр, 13:41

Қызылордада жәрмеңке өтіп жатыр

24.09.2022

198

0

Бүгін Жаңақорған ауданы мен «Байқоңыр ӘКК» АҚ-ның ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде.

Қызылордалықтар таң сәріден жәрмеңкеге асығуда. Қала төріндегі жәрмеңкеге жаңақорғандық диқандар 25 жүк көлігіне тиелген 100 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімін ұсынуда.

Айта кетейік, барлық тауарлар базар бағасынан 10-15%-ға төмен. Атап айтқанда, 25 тоннадан астам күріш, 25 тоннадай картоп, 5 тонна сәбіз, 10 тонна пияз, 15 тонна қауын мен қарбыз, 15 тонна асқабақ, 5 тонна көкөніс өнімі жеткізілді.

Ауданға қарасты Екпінді ауылынан келген сатушы биыл егіннің бітік шыққанын, мол өнім жиналғанын айтты.

«Ауылдан жаздық, қысқа сақтайтын қауын-қарбыз, сондай-ақ көкөністер жиып әкелдік. Барлығын арзан бағада сатудамыз. Қауын мен қарбыздың бір данасын 500 теңгеден сатып жатырмыз», – дейді сатушы.

«Байқоңыр» ӘКК тұрақтандыру қорының бас менеджері Саттар Әбдіреев жәрмеңкеде көптеген ауыл шаруашылығы өнімдері сатылып жатқанын айтты.

«Жәрмеңкеде барлық өнім базар бағасынан 15-20 пайыз төмен сатылып жатыр. Халық дән риза. Алдағы уақытта да «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы апта сайын жәрмеңке ұйымдастыруға атсалысады», – дейді Саттар Әбдіреев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: