Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

26°C

, Сенбі, 25 маусым, 04:04

Қызылордалық 50 мекеме үздік кәсіпкерлік атануға өтінім берді

08.06.2022

58

0

Қызылорда облысында 50 мекеме «Үздік кәсіпкерлік» атануға өтінім берді.

«Қазір біздің мамандарымыз аудандарда, қалада кәсіпкерлермен хабарласып, қатысуға ниетті бизнес өкілдеріне құжаттарын әзірлеуде әдістемелік көмек көрсетіп жатыр. Сондай-ақ, 13 маусымда Палата алаңында оқыту семинарын өткізуді жоспарлап отырмыз. Шарада байқауды өткізу тәртібі мен критерийлер бойынша бағалау әдістемесі түсіндіріледі», – дейді Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздықов.

ҚР Президентiнiң «Алтын сапа» сыйлығы өнiмнiң немесе көрсетілетін қызметтердiң сапасы саласында ұйымның елеулі нәтижелерге қол жеткiзгенi үшiн, олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз еткені, сондай-ақ ұйымның сапаны басқарудың тиiмдiлiгi жоғары әдiстерiн енгiзгенi үшiн берiледi.

Сыйлық лауреаты атағын алған қатысушыларға оның эмблемасы, диплом және 450 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай сыйақы беріледі (2022 жылға – 1 378 350 теңге).

Байқау жеңiмпаздарын марапаттау рәсiмi салтанатты түрде жыл соңында өтедi. Марапатты Қазақстан Республикасының Президенті табыстайды.

Ұйымдар байқауға келесі номинациялар бойынша қатысады:

  1. «Өндiрiстiк мақсаттағы үздiк кәсiпорын»;
  2. «Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздiк кәсiпорын»;
  3. «Қызметтер көрсететiн үздiк кәсiпорын»;
  4. «Азық-түлік тауарларын және/немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын».
    Байқауда 2 арнайы сыйлық тағайындалады:
    – «Үздік индустриялық жоба»;
    – «Үздік инновациялық жоба».

Байқауға қатысушылар комиссияға кемiнде үш жыл кезеңде шығарылатын өнiмнiң немесе көрсетiлетiн қызметтiң жоғары сапасын растауы тиiс.

«Қазақстанның үздік тауары – 2022» көрме-байқауына Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар өндірумен (қару-жарақ пен әскери техника өндіруді қоспағанда) айналысатын және өнім сапасының тұрақты жоғары деңгейін қамтамасыз ету және оны жүйелі түрде жақсарту жөнінде оң нәтижелері бар дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қатысуға үміткер бола алады.
Байқау өңірлік және республикалық – екі кезеңнен тұрады.

Ұйымдар байқауға келесі номинациялар бойынша қатысады:

  1. «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»;
  2. «Халыққа арналған үздік тауарлар»;
  3. «Үздік азық-түлік тауарлары».

Өңірлік көрме-байқаудың 9 жеңімпазы (әр номинацияда үш жеңімпаздан) республикалық деңгейге қатысады.

Байқау жеңімпаздары байқау эмблемасын жарнамалық мақсатта төрт жыл бойы пайдалану құқығына ие болады.

Толық ақпаратты www.altynsapa.kz сайтынан немесе Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасына 87079885080 нөміріне хабарласып алуға болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: