Қызылорданың «Қайсар» футбол клубы 23 қаңтардан бастап сатылымға шығарылады, – деп хабарлайды Massaget.kz.
«Бастапқы баға – 1,6 млрд теңгені құрайды. Бастапқы жарна 252 млн теңгені қамтиды. Сатып алам деушілер барлық талаптармен электронды сатылымдар сайтында танысып шыға алады», – деп жазған Ермұхаммед Мәулен.
«Қайсар» ұжымы осы уақытқа дейін «Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасының» балансында болған.
Айта кетейік, қызылордалық команда өткен маусымды 6-орынмен аяқтаған болатын.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!