Радиация – дегеніміз энергияның толқын және бөлшек түрде ауаға және денеге таралуы.
Радиация бірнеше топқа бөлінеді: Электромагниттік радиация, мысалы, микротолқындар (тамақ жылытатын пеште болады), инфрақызыл сәулесі (лаборатория да көп қолданылатын инструментте болады), күн сәулесі, ултракүлгін сәулесі, рентген сәулесі және гамма радиация.
Демек біздің айналамыз толған РАДИАЦИЯ. Қандай радиация зиянды? Энергиясы 10 eV (электрон вольт) тан жоғары болатын радиация өте зиянды. Бұндай сәулелер немесе толқындар денеде өзгеріс тұғызады.
Ондай зиянды радиацияға жататындары: α, β, және γ сәулелері, Рентген сәулесі. Бұл сәулелер қайдан шығады? Рентген сәулесі біз медицинада үнемі қолданылатын Рентген апаратыннан шығады. Ал α, β, және γ сәулелері біріншіден күннен шығады да жерге өте аз мөлшерде жетеді.
Қоршаған ортаның адам организміне теріс әсер ететін факторларының бірі радиация болып табылады. Радиация адамның клеткалары мен органдарының түрлі функцияларына зиянды әсер етеді. Радиация әсер еткенде клеткалардың шапшаң бөлінуі, құрылымы мен құрамының өзгеруі мүмкін. Мамандардың айтуынша, радиоактивтік сәуле адамның денесіне ешбір кедергісіз ене береді. Ал одан қорғаныс амалы мен ағзадан шығарып тастау жолын ғылым мен медицина әзірге таппай келеді. Сондықтан адам өзінің сәулеленгенін сезбейді. Радиациялық ластанудың негізгі көздері-альфа, гамма және бэта сияқты радиоактивті сәулелер. Ионданған сәулелер Адам, жануар организмдеріне өзгерістер енгізіп, яғни сәуле ауруының дамуына әкеліп соғады. Сәуле ауруы сыртқы мүшелерінің зақымдануынан және радиациялық ластаушылардың ішкі органдарға түсуі нәтижесінде болады. Сондықтан адам радиосәулелердің мүмкіндік мөлшерін анықтай алуы тиіс. Оны дозиметр деп аталатын арнайы құралмен өлшейді. Сәулелердің артық мөлшері организмнің ауруға қарсы мүмкіндігін төмендетеді, тыныс алу, көз, тері және тағы басқа ауруларға себеп болады. Соңғы он жыл ішінде радиациялық сәулеленудің табиғи фоны көтерілді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!