Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Сәрсенбі, 16 қазан, 03:48

Ротация туралы не білеміз?

30.06.2022

651

0

Ротация-бір нәрсені ауыстыру, айналдыру, қайта реттеу ауыстыру процесін сипаттау үшін қолданылатын термин. Бұл сөз «rotatio» латын тілінен шыққан және сөзбе-сөз аударғанда: «айналу немесе айналмалы қозғалыс» дегенді білдіреді.

Мемлекеттік қызметті өткеру кезінде кәсіби әлеуеттің неғұрлым тиімді пайданылуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметшілерді ротациялау жүзеге асырылады.

Мемлекет Басшысының 2020 жылғы 13 қарашадағы №447 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» 2015 жылғы
29 желтоқсандағы №152 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Осыған сәйкес, саяси қызметшілердің және «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің ротациясы енгізілді.

Ротацияның негізгі мақсаттары мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ қызметшілердің кәсіби әлеуеті мен басқарушылық тәжірибесін дамыту және тиімді пайдалану болып табылады.

Сондай-ақ, аталған Жарлықпен «Б» корпусының қызметшілерін ротациялау тәртібіне енгізілген толықтыруларға сәйкес, әкімдіктер басқармаларының басшыларын өңіраралық ротациялау мүмкіндігі енгізілді (бұрын оларды ротациялау тек бір өңір шегінде ғана мүмкін болатын).

Бұл ретте, «Б» корпусының қызметшісі өз лауазымына тағайындалған күнінен бастап үш жылдан кейін ротацияланады.

Осы лауазымда болу мерзімі уәкілетті адамның актісімен тағы үш жылға ұзартылуы мүмкін не «Б» корпусының қызметшісі атқаратын лауазымынан босатылуы не ол келіскен жағдайда лауазымынан төмендетілуі мүмкін.

Одан әрі, қызметшінің лауазымында болу мерзімін Ұлттық комиссияның шешімімен одан әрі екі жылға ұзартуға жол беріледі.

Бұл мерзім өткен соң «Б» корпусының қызметшілері де саяси және «А» корпусының лауазымдары тәріздес, лауазымында болуының мерзімі сегіз жылдан аспайды.

Бұдан бөлек, «Б» корпусының С-2, С-3, С-О-2, С-О-3, C-R-1, C-R-2, C-R-3, D-O-2, D-1, D-2, D-3, Е-1, E-R-1 санаттары (мемлекеттік органның бірінші басшысының орынбасары мен құрылымдық бөлімше басшылары) бойынша соңғы үш жыл бойы атқарып келген, әр түрлі әкімшілік-аумақтық бірліктерде жұмыс істейтін қызметшілерге де ротациялау мүмкіндігі берілді (бұрын оларды ротациялау қарастырылмаған болатын).

Бұл ретте, ротациялау әртүрлі мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін қызметшілер арасында, осы қызметшілердің өзара келісімі болғанда уәкілетті адамдардың актілерімен ротация жүргізуге жол беріледі.

Сонымен қатар, жоғарыда аталған Жарлықпен «Б» корпусының лауазымдарына конкурс өткізілместен ауысу тәртібімен орналасу қағидалары жаңа редакцияда жазылып, алдағы уақытта мемлекеттік органдардың ішінде «Б» корпусының қызметшілерін ауысу тәртібімен тағайындау мүмкіндігі енгізілді.

Қағидаларға сәйкес «Б» корпусының қызметшісіне мемлекеттік органның ішіндегі өзге тең дәрежелі лауазымға және соңғы екі жыл бойы мемлекеттік органда келесі төмен тұрған лауазымды қызмет атқарған жағдайда сол мемлекеттік органның ішінде жоғары тұрған лауазымға ауысу мүмкіндігі берілді.

Мұндай жағдайда, қызметшіні ауыстыру үшін оның өтініші қажет, ал уәкілетті органның келісімі қажет емес.

Аталған өзгерістер мемлекеттік органдардың тиімділігін арттыруға, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған.

Азамат Абылаев,

Қызылорда облысы әкімі аппаратының персоналды

басқару қызметінің басшысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: