Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

23°C

, Сәрсенбі, 22 мамыр, 20:35

Шавхат Рахмонов алғаш жұдырықтасқанда тапқан сыйақысы туралы айтты

12.04.2023

656

0

Аралас жекпе-жек шебері Шавхат Рахмонов алғаш жұдырықтасқанда тапқан сыйақысы қанша болғанын айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында кеңінен айтқан.

«Бірінші төбелесім менің Қарағанды қаласында өтті сол жекпе-жекте мен алғашқы 20 мың теңге сыйақымды алдым. Одан кейін 2013 жылы Тараз қаласына  MMA бойынша жекпе-жекке бардым. Сол жерде бір белбеу ұтып алдым. Сол кезде 70 мың теңге алғаным есімде» , – дейді Шавхат Рахмонов.  

10 жыл бұрынғы Шавхат пен қазіргі Шавхатты мүлде салыстыруға келмейді, – дейді жекпе-жек шебері.

«Осы жылдың ішінде енді көзқарасым өзгерді. Себебі ел аралап, жер көріп, әртүрлі адамдармен танысып сөйлескен соң өзгереді екенсің. Қазір бұрынғыға қарағанда мүлде басқаша ойлаймын. Сондықтан енді мүлде басқа адам деуге де болады, – дейді Шавхат. 

Одан өзге Рахмонов өзінің кішкентай кезінде қатты ұялшақ болғанын айтты. Тіпті алғашқы жекпе-жектерде жаттықтырушысы болмағанын жеткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: