Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-2°C

, Сейсенбі, 29 қараша, 19:18

Шетелдік көліктерді бастапқы тіркеу 200 мың теңге болады

23.11.2022

30

0

Сенаторлар Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға және Қазақстанға инвестиция тартуға бағытталған заң жобасын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Заң жобасына енгізілген жаңалықтар ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кезінде ҚҚС салығын 70%-ға азайту жөніндегі ережені кеңейтуді көздейді. Енді төленетін салықтың осылай төмендеуі балық өңдеумен айналысатын кәсіпорындарға да қатысты болады. Қант, кондитерлік өнімдер мен ашытқы өндірушілер үшін де ҚҚС мөлшерін 70% төмендету ұсынылып отыр. Заң жобасында сонымен қатар қант шикізатын импорттаушыларды да ҚҚС төлеуден босату ұсынылды.

Заң жобасында Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін шетелден әкелінген автомобильдерді бастапқы тіркеуге алу үшін бірыңғай алым мөлшерін қолдану да жазылған. Алым сомасы 200 мың теңге болады. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында осындай тапсырманы жария еткен болатын.

Сенаторлар заң жобасын талқылау қорытындысы бойынша оны Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: