Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

21°C

, Бейсенбі, 10 қазан, 17:58

Штаб жетекшілерімен кездесті

04.11.2020

561

0

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы республикалық ақпараттық-ағартушылық штаб жетекшісі Ырза Тұрсынзада және агенттіктің парасаттылық департаменті директоры Ғанижан Асанұлымен кездесті.

Аймақ басшысы қоғам алдында сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы мәдениетті қа­лыптастыруда ақпараттық үгіт-насихат жұмыстарының маңызы зор екенін айта келіп, өңір­де жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы бірқатар жоба­лардың тиімділігіне тоқталды.

– Бүгінгі күні халықпен ашық сұхбат құру және ақпарат­тандыру шаралары арқылы тұтастық қағидаларын кеңінен дамыту – қоғам үшін өте маңызды іс. Облысымызда бұл бағыттағы жұмыстар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына және әкімдік арқылы бекітілген салалық бағдарламаға сәйкес атқарылуда. Қазіргі кезеңде өңірде «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі белсенді жұмыс істеуде. Мемлекеттік қызметшілердің халыққа ашықтығы мен қолжетімділігін күшейту үшін «Open space» жобасы жолға қойылды, – деді облыс әкімі. 

Аймақта «Ақмешіт – адал­дық алаңы» жобасы аясында Қызылорда қаласы және облысқа қарасты 7 ауданда жо­балық кеңселер ашылып, құрамында әр салаға жауапты мамандар бекітілді. Сонымен бірге 53 мекеменің қызметі Ореn space форматына, 11 мекеменің қызметі «Сервистік ашық әкімдік» форматына ауыстырылды. 210 мекеме басшысының қызметтік бөлмелері бірінші қабатқа көшірілген.

Кездесуде штаб жетекшісі Ырза Тұрсынзада сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тө­мен­дету бағытында үгіт-наси­хат жұмыстарының оң әсер бе­ретінін, қоғамдық сананы жаң­ғыртуда адалдық, адам­гер­шілік принциптерін сіңіруі­міз қажеттігін айрықша атады. Ал, департамент директоры Ғанижан Асанұлы құқық бұ­зушылықтарды төмендету ар­қылы экономикалық өсу мен азаматтардың әл-ауқатын арт­тыруға мүмкіндік болатынын қаперге салды.

Биылғы жылдың 9 айының қорытындысымен сыбайластық сипаттағы бұзушылықтар 25 процентке төмендеген. Ашықтыққа жол ашатын мемлекеттік көрсе­тілетін қызметтерді автоматтандыру қызметі арқылы бүгінде 170 мемлекеттік қызметтің 148 қызмет түрі автоматтандырылды. Кездесу соңында облыс әкімі штаб жетекшілеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жобалардың ұдайы іске асатынын қаперге салып, бірлескен жұмыстар үшін алғысын жеткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: