Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

7°C

, Жексенбі, 24 қараша, 14:49

Әбиба Әбужақынованың алда қандай жарысқа қатысатыны айтылды

03.09.2024

249

0

Париж Олимпиадасын 5-орынмен аяқтаған дзюдошы Әбиба Әбужақынова 11-13 қазан аралығында Абу-Дабиде өтетін Grand Slam турнирінде бақ сынайды, деп жазады Egemen.kz.

Дзюдошының жыл соңына дейінгі жарыс кестесін бас бапкер Ерлан Алпысбаев Ұлттық олимпиадалық комитетке берген сұхбатында тарқатып айтты. 

Алпысбаев төртжылдықтың басты додасы аяқталса да, осы жылы өтетін ірі спорттық бәсекелер бар екенін атап өтті. Қазір дзюдодан қыздар құрамасы Түркістан облысында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. 

Ал құраманың басты жұлдыздарының бірі Әбиба Әбужақынова қазір демалыста. Ол жаттығуға Ақтауда өтетін келесі жиында қосылады. 

«Әбибаның Қазақстан чемпионатына қатысатыны әлі белгісіз. Қазан айында өтетін Абу-Дабидегі Grand Slam турниріне қатысады. Олимпиададан кейін Әбибаны «Жеңіс» клубы демалысқа жіберді. Париж ойындарына француз мамандарымен және жеке бапкерімен де дайындалды. Аздаған демалыстан соң Әбужақынова татамиге қайта оралады. Биылғы маусымда әлі қатысатын додалар бар», деді Ерлан Алпысбаев. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: