Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

32°C

, Жұма, 14 маусым, 18:17

“Астана” Конференция лигасындағы алғашқы жеңісі үшін қанша сыйақы алады?

27.10.2023

652

0

«Астана» футбол клубы Конференция лигасы топтық кезеңіндегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Бұл жеңісі үшін команда Еуроралық футбол қауымдастықтары одағы (UEFA) тарапынан арнайы сыйақы алады.

Григорий Бабаян шәкірттері түнде сырт алаңда Косовоның «Балкани» командасын 1:2 есебімен ұтты. Ойында елордалық клуб сапынан Камо Оганесян мен Абзал Бейсебеков гол соқты.

«Астана» футбол клубы бұл жеңісі үшін UEFA тағайындаған 500 мың еуро сыйақыны иеленеді. Ал топтан шығатын болса 2,94 миллион еуро алады. Конференция лигасы топтық кезеңіндегі тең ойын үшін 166 мың еуро сыйақы беру қарастырылған.

Елордалық команда топтағы келесі ойынын 9 қараша күні өз алаңында «Балканиге» қарсы өткізеді. 

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: