Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының медальдар кестесінде Қазақстан құрамасының қай орында тұрғаны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазір ел құрамасы еншісінде 31 медаль (3 алтын, 5 күміс, 23 қола) бар. Медальдар кестесінде 13-орында тұр.
Бұл жөнінен Қытай 241 медаль алып, (130 алтын, 72 күміс, 39 қола) көш бастаған. Одан кейінгі орындар Оңтүстік Корея (124 медаль: 30 алтын, 35 күміс, 59 қола), Жапония (111 медаль: 29 алтын, 41 күміс, 41 қола) еншісінде.
Алғашқы ондықтағы құрамалар тізімі:
Қытай – 130-72-39 (241)
Оңтүстік Корея – 30-35-59 (124)
Жапония – 29-41-41 (111)
Үндістан – 13-19-19 (51)
Өзбекстан – 11-12-17 (40)
Таиланд – 10-6-14 (30)
Тайвань – 9-10-14 (20)
Гонконг – 6-15-19 (40)
Солтүстік Корея – 5-9-5 (19)
Индонезия – 4-3-11 (23)
Қазақстан – 3-5-23 (31).
Бұған дейін Азия ойындарындағы 2 қазан күні өтетін жарыс кестесін жариялаған болатынбыз.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!