Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

18°C

, Бейсенбі, 09 мамыр, 23:48

Бүгін футболдан Қазақстан премьер-лигасы басталады

01.03.2024

418

0

Бүгін футболдан Қазақстан премьер-лигасының ойындары басталады. Бірінші ойын «Астана» мен «Жеңіс» командалары арасында өтеді. 

Елордалық командалар дербиі Алматыдағы «Хан-Тенгри» алаңында болады. Сағат 14:30-да басталатын кездесуді QazSport арнасы ресми сайтында тікелей эфирден көрсетеді.

Бұл ойыннан бөлек, «Қайсар» – «Ақтөбе» (17:00), «Жетісу» және «Ақсу» (17:00) командалары арасындағы ойындар жоспарланған. 

І турдың қалған 4 ойыны 2 наурызда өтеді. «Қайрат» (Алматы) – «Қызыл-Жар» (Петропавл) – 14:00, «Елімай» (Семей) – «Атырау» – 14:00, «Ордабасы» (Шымкент) – «Шахтер» (Қарағанды) – 16:30, «Тобыл» (Қостанай) – «Тұран» (Түркістан) – 19:00 командалары кездеседі. 

Биылғы QFL ойынында 26 тур болады. Соңғы ойындар 9-10 қарашаға жоспарланған. 

Айта кетейік, өткен маусымда Қазақстан премьер-лигасын «Ордабасы» командасы ұтып алған болатын. 

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/102321/

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: