Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

27°C

, Дүйсенбі, 17 маусым, 03:37

Футбол: «Мақтарал» мен «Қайсар» тең түсті

16.07.2023

268

0

Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 15-турында тағы екі ойынның нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысының «Мақтаралы» Қызылорданың «Қайсар» командасын қабылдады.

Кездесу барысында 12-минутта түркістандық клубтан Антон Шрамченко есеп ашқан еді. Оған 21-минутта қызылордалық командадан Валерий Приндета бір гол соқты.

Ойынның 94-минутында «Мақтарал» шабуылшысы Рамазан Кәрімов пенальтиден мүлт кеткен жоқ. Ал 97-минутта Валерий Приндета есепті теңестірді.

Кездесу 2:2 есебімен тең аяқталды.

Ал қарағандылық «Шахтер» өз алаңында «Ақтөбеге» 0:1 есебімен жол берді.

Айта кетсек, бұдан бұрын алматылық «Қайрат» Көкшетаудың «Оқжетпесін» 1:0 есебімен жеңді.

Енді бүгін 20:00-де «Каспий» (Ақтау) мен «Жетісу» (Талдықорған) ойнайды.

Бұл турдағы «Ақсу» (Павлодар облысы) мен «Астана» кездесуі 24 мамырда өткізіліп, елордалық команда 1:0 есебімен басым түсті.

Енді 27 қыркүйекте «Қызылжар» (Петропавл) мен «Тобыл» (Қостанай) жасыл алаңға шығады. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: