Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

24°C

, Бейсенбі, 25 сәуiр, 11:13

Футболдан Қазақстан кубогында «Қайсар» қатарынан үшінші мәрте жеңіске жетті

24.07.2022

769

0

Футболдан Қазақстан кубогының топтық кезеңі үшінші турының екінші ойын күні өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл күні Ақтауда жергілікті «Каспий» Қызылорданың «Қайсар» командасын қабылдады.

Турнир кестесінде «Қайсар» екі ойыннан кейін ұпай жоғалтпастан көш басында келе жатқан еді. Ал «Каспий» небәрі бір ұпаймен төртінші орынды місе тұтқан.

Кездесуде де қызылордалық футболшылар жинақы қимыл көрсетті. Нәтижесінде олардың қатарынан Адама Диалло 33, 45-минуттарда мергендік танытты.

Оған «Каспий» сапынан Руан Телеш 92-минутта бір голмен жауап қайырды.

Осылайша, «Қайсар» қатарынан үш ойында жеңіске жетіп, тоғыз ұпаймен көш басындағы орнын сақтап қалды.

Енді 24 шілдеде «Тұран» (Түркістан) мен «Астана» (Нұр-Сұлтан), «Ақжайық» (Орал) пен «Қызылжар» (Петропавл), «Жетісу» (Талдықорған) мен «Шахтер» (Қарағанды), «Тобыл» (Қостанай) мен «Мақтаарал» (Түркістан облысы), «Қайрат» (Алматы) пен «Ақсу» (Павлодар облысы) командалары ойнайды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: