Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

19°C

, Бейсенбі, 09 мамыр, 04:25

Олжас Оразалыұлы – Азия ойындарының алтын жүлдегері

27.10.2023

441

0

Қытай елінің Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ІV жазғы Азия пара ойындарында Олжас Оразалыұлы дзюдодан жеңімпаз атанды.

J2 санаты бойынша 73 келі салмақта өнер көрсеткен Олжас Оразалыұлы жартылай финалда Токио Паралимпиадасының қола жүлдегері жапониялық Юджиро Сэтоны 10:0 есебімен жеңіп, финалға шықты.

Финалда өзбекстандық Феруз Саидовты «Иппон» әдісімен (таза жеңіс) жеңіп, алтын медаль иегері атанды.

Олжас Оразалыұлы – Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 2022 жылғы түлегі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: