Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

19°C

, Сенбі, 27 сәуiр, 13:53

Тарихи медальға қол жеткізген Денис Никиша: «Сезімімді айтып жеткізу мүмкін емес»

17.03.2024

634

0

Шорт-трекші Денис Никииша Роттердамда (Нидерланд) өтіп жатқан әлем чемпионатында тарихи нәтиже көрсетіп, күміс жүлдегер атанған болатын. Спортшы  өміріндегі ең үлкен жеңіс туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Olympic.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Спортшы бүл жүлдені асыға күткенін және ол үшін жақсы дайындық жұмыстарын жүргізген.

«Қазір бастан кешіп жатқан сезімдерімді жеткізу мүмкін емес. Айтарға сөзім жоқ. Осы медальға қол жеткіздік-ау! Былтыр жүлде қолымнан сырғып кетіп еді. Бүгін бәрі ойдағыдай болды. Өз нәтижеме ризамын. Күміс медаль – менің жақсы өнер көрсеткенімнің айғағы. Тарихта тұңғыш рет біз әлем чемпионатының медалін алдық. Ризамын. Осы жолдағы ең қиын нәрсе – өз-өзіңмен күресу. Спортшылар менің не айтқым келетінін түсініп отыр. Нәтиже көңілден шығады. Маусым аяқталар тұста көңілім жайланып қалды. Жылдың соңғы халықаралық жарысы. Енді демалып, қайтадан қалыпқа келуге мүмкіндік бар. Миландағы Олимпиадаға екі жыл қалғанын ескеріп, әрі қарай еңбек ету керек», – деді Денис Никиша. 

Еске салсақ, күні кеше Нидерландтың Роттердам қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Денис Никиша 500 метрге жарысудан күміс медаль жеңіп алған болатын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: