Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

11°C

, Жұма, 29 наурыз, 13:48

Стритбол ойнау тәсілдерін үйренеміз

05.10.2022

2769

0

Стритбол – баскетболдан өсіп келе жатқан спорт түрі. Көптеген адамдар оны тек көше баскетболы деп қателеседі. Мұнда стандартты ережелермен қатар, шоу элементтері мен түрлі шығармашылық заттар ақылды түрде тоғысады.


Стритбол алаңы – баскетбол алаңының тура жартысы. Оған еркін лақтыру сызығы, доға және ребактар ​​кіреді. Ойынды екі команда ойнайды, олардың әрқайсысында 4 адам бар. Үш алаңда және біреуі орындықта. Ауданымызда спорттың осы бір түрін дамыту мақсатында «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты «АМАNAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жалағаш ауданы бойынша Жол картасында қарастылған. Аталған алаң 2022 жылы облыстық бюджет есебінен стритбол алаңын салуға 10,9 млн теңге қаржы бөлінді.

Қазіргі таңда «Наркескен» спорт клубы ғимаратының жанына стритбол алаңы салынып пайдалануға берілді.
Ережелер және айып лақтыру, 16 секунд, доп ойыны, үзіліс. Бұл стритбол ойында қолданылатын терминдер. Осы орайда, «Наркескен» спорт клубының ұйымдастыруымен «Стритбол ойнау тәсілдерін үйренеміз» атты ойын сағаты ұйымдастырылды. Аталған шарада ойынды ойнау әдіс-тәсілдері көрсетілді

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: